Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіподақ қызметкерлерінің таусылмас еңбегі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – біздің еліміздің басты мерекесі. Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай республика көлемінде түрлі шаралар өткізілуде.

2016 жылдың 24 қарашада аталған шара шеңберінде, облыстық мемлекеттік мекемелері кәсіподағы «Тәуелсіздікке 25 жыл және кәсіподақ» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырды.

Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов, өзге де мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық және аудандық кәсіподақ және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шараны облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т.Мерғалиев ашты. Өз баяндамасында ол қызметкерлердің құқықтарын қорғайтын кәсіподақтардың рөлі және кәсіподақтар қызметкерлерімен атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде баяндады.

Құттықтау лебізімен Департамент басшысы Болат Исақов сөз сөйледі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып, ол кәсіподақ қызметкерлерінің жанкешті еңбектеріне алғысын білдірді. Ол өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев үнемі адам еңбегі құқығының қорғаны бола білді. Ең тұрақты валюта – ол адам еңбегі екендігін талай рет айтқан да еді. Біздің мемлекетіміз алға жылжу үстінде. Және де біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісіп те кеттік. Мемлекетіміздің қалыптасуы мен өркендеуіне үлкен баға жетпес үлесті кәсіптік одақтар қосқандығын» атап өтті.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында облыстағы кәсіподақтардың үздік қызметкерлері алғыс хаттармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Шарада концерттік бағдарламамен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртістері өнер көрсетті.

   
0
0
420

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіподақ қызметкерлерінің таусылмас еңбегі - Yvision.kz