Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізген белгілі партия мүшесі

Сүлейменов Мәлік 1955 жылы 29 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Жанұяда он баланың екіншісі.

Мектеп табалдырығын 1962 жылы Аққора елді мекеніндегі «Ақшкөл» деп аталатын төрт жылдық бастауыш мектебінен бастап, бесінші сыныпта Орлыкөл орта мектебінің мектеп-интернатында оқып, 9-10 сыныпты Миялы селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектебінен аяқтаған.

Мектеп бітірген соң 1972 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі институтына арнайы жолдамамен жоғарғы оқу орнына қабылданған. Жоғарғы оқу орнында оқи жүріп, домбыра тартып, институттың жанындағы көркемөнерпаздар үйірмесінің жеке домбырашысы болып, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Аравиннің ансамблімен бірге және домбырадағы ұстазы ұлы күйші С.Андарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның көптеген жерлеріне және Қырғыз елінде концерттер қойған. Осындай еңбегі үшін Қазақстан ЛКСМ орталық комитетінің мақтау грамотасымен (потчетный грамотасымен) марапатталған. Сондай ақ институт комсомол комитетімен осы оқу орнының көптеген дипломдарымен марапатталған. Сонымен қатар ұстазы Металбек Болғанбаевтың тәрбиелеуімен қазақша күрес және Дзю-до, Самбо өнерінің қыр-сырына қанығып.

1975 жылы Жамбыл облысында өткен, атақты шопан екі дүркін Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев атындағы турнирде чемпион атанып, Қазақ ССР-нің спорт шебері атағын алған.

1976 жылы жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Мұқыр орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып төмендегідей шәкірттер тәрбиелеген.

Атап айтқанда: Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Мұқыр спорт мектебінің жаттықтырушы-мұғалімі-М.Әбдуәлі.

Қазақстан жастар арасындағы спартакиадасының жеңімпазы-Бекзат Әбдуалиев, Қ.Табынбаев, Е.Зұлқанов-облыстық қазақша күрес федерациясының аға жаттықтырушысы, Т.Зайыров, Республикалық жарыстарға жолдама алған.

1977 жылы семья жағдайымен аудан орталығындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектебіне дене тәрбиесі пәні мұғалімі сонымен бірген Қызылқоға балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы және директоры қызметін қоса атқарған. Қызмет атқарған жылдары ішінде күрестен спорт шебері Алматы дене тәрбиесі институтының түлегі Абзал Дүйсенбаев, Дзю-до дан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, А.Дүйсенбаев, Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы А.Қыздарбаев, Облыстық олимпиада резервтерін дайындайтын спорт мектебінің жаттықтырушы мұғалімі Т.Мұқанов сияқты бірнеше шәкірттер тәрбиелеген, бұлар әртүрлі салаларда еңбек етуде.

1980-1982 жылдары әскер қатарында болған.

Шәкірттерін күрес өнеріне баулып, ұстаздықтың қыр-сырын меңгергені үшін 1996 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.

2012 жылғы наурыз айында «Қазақстанға еңбек сіңірген жатықтырушы» атағын алған.

2012 жылдың қараша айында Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағын алған.

2012 жылы «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, ҚР.Президенті, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді атсалысып, елдің қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.

2013 жылы шілде айында облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

2014 жылы 5 желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Сарсенбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттталған.

2016 жылы ҚР-ғы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін Қызылқоға маслихаттарына 20 жыл мерекелік медальмен наградталған.

2016 жылы «Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталды.

2016 жылы наурыз айында Қ.Р Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатына ие болды.

2016 жылы ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалмен марапатталған.

Спорт саласының өркендеуіне, туған жерінің әлеуметтік және экономикалық дамуына шын жанашырлық танытқан еңбегі үшін халық атынан 1999-2003,2003-2007,2007-2012,2012-2016,2016-2020 жылдары аудандық мәслихат депутаттығына сайланған.

Қызылқоға аудандық мәслихатының II-VI шақырымдарының депутаты.

Осы жылдар ішіндегі елеулі еңбектері еш кетпей, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарға ие болған.

Қазіргі кезде «Nur Otan» аудандық партия филиалы саяси кеңес бюросының мүшесі.

Жанұялы. Отбасында зайыбы, бес баласы бар.

0
0
256

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізген белгілі партия мүшесі - Yvision.kz