Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты тақырыпта кездесу өтті.

Кездесуде Т.Аманов Тәуелсіздікке дейінгі қиын кезеңдермен Тәуелсіз елді басқарған тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаевтың жасаған ерен еңбектеріне тоқталып өтті. Тәуелсіздік – Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” дәуірлері, “қылыштың жүзі, найзаның ұшында жүріп”, намыс пен жігердің, қажыр мен қайраттың құрбаны болған мыңдаған батыр, бағлан ұлдарымыздың ұлтты азат ету жолындағы күрестері осы айтқанымның айғағы. Алаш жұртының бірлігін көксеген бабалар рухы жебеуімен бұдан 26 жыл бұрын дербес ел атанып, ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Қазақстан халқы Елбасын таңдауда қателескен жоқ. Тарих толқынында тұлға болып танылып Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 1-желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өтті.

Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаз болып танылды. Осындайда асылды айнытпай танитын халқымыздың даналығына қалай бас имейсің. Ұлы Дала қысқа мерзім ішінде әлемнің түкпір-түкпіріне “Қазақстан” деген атаумен кең танылды. Қимылы мен сөзі қатар жүретін Н.Назарбаев саясаты мен ұстанымдары Қазақ елін кеңестік идеология құрсауынан тез алып шығып, әлемдік қарым-қатынас айдынында қанат қағуына жағдай жасады – деді Т.Аманов өз сөзінде.

2
0
370

Осы тақырып бойынша

«Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты тақырыпта кездесу өтті. - Yvision.kz