"Тәуелсіздік тарихы - табыстарымыздың тарихы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қатысуымен "Тәуелсіздік тарихы - табыстарымыздың тарихы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Ерболат Мұратқалиұлы еліміздің дамуы жолында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екендігін,көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіздіктің берік іргесі қаланғанын және еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін,партияның оған қосқан үлесін баяндап берді. Кездесуге өзін-өзі жұмыспен қамтушылар,қоғам белсенділері, жастар қатысты. Сонымен қатар дүңгелек үстелде алдағы сайлаудың маңыздылығы да ескеріліп, партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Қатысушылардың ұсыныс, пікірлері назарға алынатындығы ескертілді. Дөңгелек үстел онлайн және офлайн форматта өткізілді.
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

