Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік-тұғырым.

Тәуелсіздік-тұғырым.

Ел тәуелсіздігі – еліміздің баға жетпес байлығы екені анық.Тәуелсіздік бұл – әлемдегі ең құдіретті сөз. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп,алға ұмтылып,дамудың даңғыл жолына түскеніне 30 жыл. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлемде дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын сақтай білетін, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Тәуелсіздіктің 30 жылы қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Қазақстан мемлекеті де осындай жолдан өтіп келеді.Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында жанқиярлықпен арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа алтын әріппен жазылып қалар тарих парақтары. Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейтінін де білеміз.Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасып келеді.Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. "Тәуелсіздік бәрінен қымбат!" деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық дамудың басты өзегі болып табылады. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.Еліміздің мерейі үстем болсын!

0
0
192

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік-тұғырым. - Yvision.kz