Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Құрметті Отандастар! Сіздерді көк Туымызды көкке самғатып, Әнұранымызды әлемге әуелеткен, егеменді еліміздің тұмар қып сақтар ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы Тәуелсіздіктің арқасында деңгейіміз өсіп, биік белестерді бағындырдық. Мемлекетіміз әлемдік аренаға шығып, шет елдермен тең дәрежеде бой да ой да жарыстыратын деңгейге жетті. Бұл - ең алдымен Елбасының сарабдал саясатының арқасында деп ойлаймын. Ішкі тұрақтылық пен ынтымағымыз жарасын таба берсе, бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол. Сондықтан бірлігіміз бекем болсын! Тәңір сыйлаған Тәуелсіздік тұғырын биік ұстайық. Ұлттық мереке құтты болсын!!!
Игі тілекпен: "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов.
