Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік күніне орай фото – кітап көрмесі өтті

Кітап көрмесінде егеменді еліміздің қалыптасы мен дамуын баяндайтын кітаптар, Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында егеменді Қазақстанды қалыптастырған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қызметін жан-жақты ашатын кітаптар мен ғылыми еңбектер, қазақ хандығы тұсындағы тарихи кезеңдерден бастап, тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шықққан әдебиет туындылары қойылды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін жастарға таныту.

Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

3
0
202

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік күніне орай фото – кітап көрмесі өтті - Yvision.kz