Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Баршаңызды еліміздің басты, айтулы мерекесі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Ширек ғасыр бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жетті. Тарихи оқиғалар тоғысқан 16 желтоқсан біз үшін қасиетті күн саналды!
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды.
Бүгінде бабаларымыз салған сара жолымен жүріп, еліміздің тарихын сақтап, алдыңғы қатардағы мемлекет құруға ат салысу, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, бар ынта-жігерімізбен жұмыс жасау – біздің борышымыз.
Бүгінгі елеулі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік, ырыс-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.
