Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік күні қарсаңында белсенді партия мүшелері марапатталды

Жиында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Айтжанов Елбасы партия Төрағасы Н.Назарбаевтың жақында жариялаған “Елдіктің жеті қыры” қағидаттарын, “Тәуелсіздік тағылымы” мақаласын баяндап, Тәуелсіздіктің жетістерін жариялап, еліміздің егемендігі баянды, мәңгі болуына бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Мерекемен құттықтай отырып, партияның маңызды рөлін атап өтті.

Осы жетістіктерге жетуге үлес қосқан азаматтарға “Құрмет грамотасы”, «Алғыс хат» тапсырылды. Жиын барысында мерекелік шараға қатысқан Шамалған ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Молбаев, әжелер алқасының төрайымы Б.Нуртаева құттықтау жылы тілегіктерін білдірді, сонымен қатар партиялық билеттер партия қатарына қосылған азаматтарға табысталды. Жиын соңында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында экскурсия өтті. Барша партияластарымызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

0
0
118

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік күні қарсаңында белсенді партия мүшелері марапатталды - Yvision.kz