Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Қашықтан дөңгелек стөл барысында Бахадыр Мадәліұлы жастарға еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі жөнінде кеңінен баяндап берді.

«Ата-бабаларымыз аспаны ашық тәуелсіз қазақ елінің байрағын көкте желбіретуді аңсап өтті. Тарихқа үңілсек, тәуелсіздік жолында күрескен күндеріміз аз болмады. Қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Жәнібектің арманына арадан ғасырлар өткізіп қол жеткіздік. Себебі, кең байтақ жерімізге көз тіккендер аз болмады. Расында Елбасымыз айтқандай, ұлтымыздың тарихында біз ұялатын деректер жоқ. Дос болғанға құшақ ашып, қас қылғанға қылыш болып кесіп түскен халықпыз. Кеңдігіміздің, көрегенділігіміздің арқасында 1991 жылы тәуелсіздік алып, Елбасының салиқалы саясатының арқасында Орта Азия барысына айналдық. Әйтпесе, біз тәуелсіздік алғанда, түрлі ұлттар мен ұлыстардың лабороториясына айналған Қазақстанның ел боларына күдікпен қарағандар көп болған. Алайда, біз бір ту, бір арман, бір мақсатқа бірігіп, ынтымақ пен татулықтың арқасында экономикасы мығым бейбіт елге айналдық. Сондықтан барымызды бағалай білген дұрыс. Бүгінде біздің татулығымызға қызыға, қызғана қарайтындар аз емес. Сыртқы күштер ішкі тұрақтылығымызға кері әсер еткісі келеді. Бірақ, біз олардан биік болып, көк байрақтың астына бірігіп, ынтымағымыздан ажырамауымыз қажет»,- деді ол.

0
0
217

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы - Yvision.kz