Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік бәрінен қымбат!

Қазақ хандығының тұсында ел арасындағы зор беделге ие алқа билердің араласуымен тайпалар арасындағы алауыздық азайып, ішкі даулар мен қақтығыстар, бейтарап келеңсіздіктер оң шешімін тауып отырған.Сол кезеңнің өзінде құрылған білікті билік жүйесінің арқасында еліміздің орасан зор алып жерлері, жалпы елдің тұтастығы сақталды.

Тәуке хан тұсында алғаш "Жеті жарғы" заң жинағы шығып, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер секілді қазақ даласының данышпандары біріккен әділ биліктің тұғыры орнады.Тарих бетінде бұл кезең "Алтын ғасыр" кезеңі деп аталды.Осы тұстағы қазақ хандығының әділетті шешімі мен ұшқыр пайымының арқасында ел бір уыс жұдырыққа бірікті.

Осынау өткен заман оқиғаларынан соң, қазіргі қазақ мемлекетінің нық орнығып, 30 жылдық тәуелсіздігіне қол жеткізуі барша дені қазақ жұртшылығының қол жеткізген жеңісі деп білемін.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев ұлт шежіресін дәріптеу арқылы бөтен жұрттың идеологиясы жетегінде кетпей, өткен заманның өзегінде жатырған ұлттық тарихымызды ұмытпай, ана тіліміздің қадірін ұғынуға шақырады...

"Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін" деу арқылы жаны мен санасы елді сүйіп қорғауға, рухани әлемін өз Отанына арнайтын жастардың легіне тастаған ұраны деп қабылдадым. Шындығында да жастар тың өзгерістердің қозғаушы күші болатынына менде кәміл сенемін.

Еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

#тәуелсіздікбәріненқымбат

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! - Yvision.kz