Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік -қастерлі ұғым

Тәуелсіздік -қастерлі ұғым.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлт­қа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.”-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында. Бүгінгі таңда Қазақстанның саяси жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Биылғы Мәжіліс депутаттарының сайлауы – көппартиялы Парламентті орнықтыру жолындағы маңызды қадам болды.Ауданымыз бойынша сайлау қорытындысы бойынша “Nur Otan” партиясы сегіз мандатқа,”Ақжол”партиясы екі мандатқа ие болды. Саяси партиялардың баршасын біріктіретін ,бәріне ортақ құндылық – қастерлі Тәуелсіздік екені анық.

Ел болашағы жастарымызға кең байтақ туған жеріміз Қазақстанның асқақ армандар мен батыл жоспарларын емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті ­Отаның ретінде бағалау керектігін де атап өтті.Мен мақаланы үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Қазақстан деп аталатын мемлекетті әлем таныды.Бұл мен үшін үлкен мақтаныш.Ел дамуының жасампаздық құдіретіне сенемін.

Тәуелсіз ел болу оны жария­лаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейтіні анық.Тәуелсіздікті баянды ету,ұстап тұру ол үлкен міндет.”Ынтымағы жарасқан елге бақ тұрар” деген. Ендеше ел мерейі үстем болсын.Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.

Ұлтымыздың ұлы мұраты қас­терлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тұрақтылық пен жасампаздықтың жарқын көрінісі болғай!

Светлана Байтенова.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік -қастерлі ұғым - Yvision.kz