Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәуелсіз елім, мақтанышым менің»

«Тәуелсіз елім, мақтанышым менің»

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы атынан баршаңызды алда келе жатқан «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға, егемен ел болғанымызға 29 жыл толып отыр. КСРО-дай алып мемлекет ыдыраған соң, елдігіміз бен бірлігіміз сыналар өтпелі ауыр кезеңде Елбасымыз Н.Назарбаевтың көреген саясатының, білікті басшылығының арқасында Тәуелсіздігімізді алып, толыққанды мемлекет болып даму жолына түстік. Елбасымыз Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында аянбай тер төгіп, небір алпауыт мемлекеттердің елімізді тануы, мойындауы үшін тынбай еңбек етті. Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүние жүзі мойындаған бәсекеге қабілетті елдер қатарынан лайықты өз орнын алып отыр. Тәуелсіздігіміздің нығайып, еліміздің көркеюіне, дамуына әрқайсымыз белсене атсалысуымыз қажет. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақ, болашағымыз жарқын болғай!

0
0
229

Осы тақырып бойынша

«Тәуелсіз елім, мақтанышым менің» - Yvision.kz