Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім"

"Nur Otan" партиясы Жылыой аудандық филиалының және Құлсары қаласы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, "Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім" атты мерекелік шара өтті. Шара ҚР-ң Мемлекеттік Әнұранымен бастау алып, Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай, ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерін тамашалай отырып, алғыстар айтылып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш шараға партия филиалының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қала әкімшілігі, БАҚ өкілдері атсалысып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

0
0
303

Осы тақырып бойынша

"Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім" - Yvision.kz