Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіз елім-Қазақстан!

 

Қазақстан Республикасы өте қарқынды дамып жатқан мемлекет.  Мен Кеңес Одағының ыдырауы мен Қазақ елінің тарихи тоғысу уақытында дүниеге келдім. Осы уақытта дүниеге келген азамтаттардың барлығы дерлік жаңа жас мемлекеттің өреңдері еді.  Мемлекет қаншалықты дамыса, мен соншалықты есейдім. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бір халық, бір тағдыр, бір  ел» деген дана сөздері біздің ұлан-ғайыр мемлекетімз туралы дәл айтылған сөз.Татулық, бірлікте тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына келесі өлең жолдарын арнаймын:.

Ғасыр санап айқастық  біз елдікке.

Қол жеткіздік міне бүгін бірлікке.

Елдік үшін шайқасқан ағаларды

Туған топырақ итерледі ерлікке.

Тәуелсіздік арман болған  бабаларға,

Қол жеткіздік міне бүгін армандарға.

Тойласын қуанышпен шаттана қазақ  елі,

Кетпесін қазағымның  жайнаған күндері.

Бес жүз жыл, бес ғасыр, тоғыз ұрпақ

Тарихынды өреңдерін қалай ұмытпақ

Қинау менен қанаудан арылып

Шауып келді еркіндік деген арғымақ!

Тәуелсіз шаңырағымыз дами берсін!


Нұрбеков Әділ, Жарқайың аудандық филиалының консультанты.

 
0
0
997

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіз елім-Қазақстан! - Yvision.kz