«Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл – Ақ тілекпен Еліме» атты бейне-конференция өткізілді.
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалының ұйымдастыруымен онлайн-форматта аудан жастарының қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл – Ақ тілекпен Еліме» атты бейне-конференция өткізілді. Шарада сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздің жылдарында атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасады.
Өз кезегінде жастар атынан сөз сөйлеген аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мирас Иманғалиев Егемен Қазақстанның жас буынға арнап, іске асырып жатырған игі істеріне зор ризашылығын білдіріп, осындай қамқорлықты ақтау үшін аудан жастары бойындағы бар күш-жігері мен білімдерін жұмсауға дайын екендігін жеткізді.

