Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелділік бұзбақ па түбі бізді?

Былтырғы жылл, «Жастар жылы» -деп сабылып, неше түрлі сайыстар, кештер өтіп жатыр. Бірақ, көбін түптеп қарамасам да, көргенімді тергелеп терсем, «бас болар – жас» некен-саяқ екенін көріп, жүректегі намысым оянып, жігерім құм боп, жастарға қарным ашты. Бір кеш өрбіп бастағаннан, концерт соңына жеткенге дейін, бір пәлеге шұқына берді де отырды. Әрі отырды, бері отырды. Несі бар, кейбірі фотоға түсіп жатпасы барма?!

Мүмкін, өзіміз кінәлі шығармыз. Бала жыласа, қолына беремізде қоямыз. Бесік тербегендегі «Әлди, әлдиімізді» тастап, қазір қай өлең танымал соны қосып, тербетеміз. Ал, өзіміз телефонға телміріп отырамыз. Осы жақын арада автобусқа мінген болатынмын. Сол кезде, автобуста бір ой мені өз әлеміне сүңгітіп әкетті.

Жасың да, кәрің сіздің тәуелді шын,

Мен оған өте қатты көңілдімін.

Адамды ес, парқынан айырамын,

Себебі, оған келер менің күшім.

Бала ма? Оныда мен азғыратын,

Көзін құртып жай тауып, мәз боламын.

Жастарды да өзім ғой тәрбиелеп,

Құлақ қапқа бейім деп, сан жылаттым.

Саңырау боп, жасынан жүргеніне,

Ішім жылып, өзіме медаль тақтым.

Барша жанды желіге бас қойғызып,

5сағатын анық мен қолдап жаттым.

Оңай ақша тігумен олжа бар деп,

Өз арнама білдіртпей торлап жаттым.

Бір – бірімен ешқашан сөйлеспейтін,

Күнді күтіп, оғанда аяқ бастым.

Сабақ деген ұғымды жойып тастап,

Маған ғана тәуекел етіп салдым.

Не ішкенін, кигенін есеп қылып,

Аллаға емес, тек маған айтар халқым.

Арзанымды менсінбей кей отбасы,

Мен үшінде таласып, ұрысатын.

Айфон деген үлгімді анасынан,

Артық сүйер кей перзент болар бәлкім.

Сондай ақыл дарыған өн бойыма,

Адамзатты жоюға талқынбақпын.

Үлкендерді тыңдамай, инста да,

«Мен тыңдайымын»- деп жазар кейбір Һәкім.

Жақын жандар деп салып жатқанымен,

Шын өмірде танымас адамдар мың.

Біреу жылап, өлімге көңіл айтса,

Біреу оңай менімен болар жақын.

Бүгін мынау пәленше қайтыс болды,

Деген, өсек таратам менде әр күн.

Смайлктер жылаған қойғаныммен,

Шын өмірде қуанып жүрер, әркүн.

Барлығына риза болып тұрмын,

Себебі мен бәріне өте жақын. - деген өлең жолымдарым шығып жатты. Өтірік деп айту қиын. Себебі біз шынында, телефонға жастанып жатып, әлдилеп тербетеміз. Таң атысымен арпалысып қолына қалай алса, түн бойына соның жетегіне еріп отыра беретін адамның біріне айналдық. Кітап деген ұғымды бұрын естімегендей таң қалып, елең ете түсетін халге жеттік. Тәуелді етіп отырған кім және неге? –Әрине, ешкім нақты жауап бере алмайтыны анық. Егер, қазірден жазықсыз құрбан болып, телефонға естері кеткен боз бала, бой жеткендер көп болса, қазақтың жастарының күні не болмақ ? Болмашы бір телефон үшін зар жылап, өзіннің ақылын билей алмай жүрсе, қазақты кім қазақ етеді? Бұрындары Мағжан, Ахметтер жазықсыз халық үшін жанын берсе, қазіргі жастар болмашы залым үшін жанын береді. Тіпті, телефон деген залым үшін 7 қабат үйден ұшып, жермен жексен болып жатыр. Осының бәрін көре отыра жазбай өту, мен емес, барша мұсылман бауырға сын емес, мін болары айдан анық. Көп ғасырдан қамданып, сан бір жылды жолға алып, өсіп-өрбіген қазақты кім билемек?

Ех, бәріне кінәлі өзім ғана,

Дұрыс бағдар бермедім, сөзім шала.

Кітапты емес, телефон досын еткен,

Қазақтарды оқытам, ісім бала.

Шарт орнаса, мектепте өте жаңа,

Телефонды ұстама десе ғана,

Кітаптарды қолына беріп қойып,

Оқытсаңыз болу шеді өте дара.

Қане, маған көмек бер елім жаңа,

Құтқарайық құрдымнан өзің пана.

Тәуелділік жақсы емес, нашақордай,

Қоюы да қиын ғой, өзің қара. Осы өлеңіммен саралап, айқындап жеткізе білдім деген ойдамын. Әрине, айтуға оңай. Дегенмен, бәріміз бір болсақ, бізден артық кім болмақ? Сол үшін тырысып, тырмышу қажет.

Қазақтың ең осал тұсы осы. Қандай жаңа зат көрсе, өздері сынап, бағалауы керек. Жай ғана сынамай, ұнаса, барлық қызығы таушылғанша, қызық қуады. Әр нәрсеге қызығушылық кейде, өз торына түсіруі мүмкін. Сондықтан, бәріміз осы бір тәуелділікке шектеу қоюға бірлесіп, бір болсақ, «керемет елміз»- деп есептеймін.

Қазіргі заманғы ағыс бойында қаншама жастар өмірдің өткіншісі болуға тез бейім. Ауыруды алып, жаманды қағып алып отырған нәрестелерден не үміт, не қайыр деп ойларсыз. Осы ойдың желісін үзіп, арнасын аудару үшін бірге жұмыстанайық. Қазақ атам: «Тәрбие –тал бесіктен» -демекші, тал бесікте телефон шұқитын тәрбие бергенше, елім деп жүретін ер мінез ерді өсірейікОсы сөзім осы жерде өз арнасын тоқтатпай, өзен ағысына ұласса, нұр үстіне, нұр болушы еді.

Осы тақырып бойынша

Тәуелділік бұзбақ па түбі бізді? - Yvision.kz