Төтенше жағдайлар Департаментіндегі семинар
2017 жылдың 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құқықтық оқыту өтті.
Шара барысында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің нормалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшылары Ж.Мұратов, Б.Хайруллин қатынасып, аталған мәселелер бойынша түсіндірді
Семинарда бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
