Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың ...
Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Порталдар мен telegram боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады. Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады: - egov.kz – «электрондық үкіметтің» веб-порталы; - 42500.enbek.kz порталы; - «Электрондық үкімет» telegram-bot-ы; - Aitu мессенджерінде42500.enbek.kz қосымшасы; - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/…/700-tys-kazahstancev-poluchili-sms-soo…
-----------------------------------------------------------------
700 тыс. казахстанцев, получивших выплату в период действия режима чрезвычайного положения, чья деятельность с большой долей вероятности снова попала под ограничения, получили SMS-сообщение для проактивного назначения единовременной выплаты из Государственного фонда социального страхования в размере минимальной заработной платы – 42 500 тенге.
Как сообщилось ранее, по поручению Главы государства в связи с введением карантинных мер в июле 2020 года, при условии полной потери дохода, работающим казахстанцам будет осуществлена единовременная выплата в размере одной минимальной заработной платы – 42 500 тенге.
Порталы и telegram-боты будут запущены сегодня во второй половине дня. Подать заявку можно будет, используя следующие каналы: - веб-портал «Электронного правительства» – egov.kz; - портал 42500.enbek.kz; - telegram-боты; - приложение 42500.enbek.kz в мессенджере Aitu; - мобильные приложения и интернет-ресурсы банков второго уровня. Прием заявок продолжится до 1 сентября 2020 года.
Подробнее: https://www.gov.kz/…/700-tys-kazahstancev-poluchili-sms-soo…
