Төтенше жағдайға байланысты, республика бойынша ҚР Еңбекминінің қағаз түрінде ұсынылған...

Төтенше жағдайға байланысты, республика бойынша ҚР Еңбекминінің қағаз түрінде ұсынылған қызметтеріне онлайн-өтінімдерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін физикалық байланысының болуын болдырмайтын шара енгізілген. Бірінші кезеңде өтінішті келесі қызметтер бойынша беруге болады: 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау; 3. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау; 4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 6. Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Сұрақтар туындаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері азаматқа Whatsapp мессенджері арқылы бейне қоңырау шалады. Инфографикада толық нұсқаулық. Өзіңізді сақтаңыз!
-----------------------------------------------------------------

В связи с введенным ЧП, сообщаем, что проводится работа по обеспечению онлайн-подачи заявлений на услуги МТСЗН РК, оказываемые в бумажном формате по всей стране. Мера вводится для исключения физического контакта в целях недопущения распространения коронавируса.
На первом этапе заявления можно подать по следующим услугам: 1. Назначение пенсионных выплат по возрасту; 2. Назначение государственной базовой пенсионной выплаты; 3. Назначение социальной выплаты на случаи потери дохода в связи с беременностью и родами; 4. Назначение государственной адресной социальной помощи; 5. Назначение социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов; 6. Назначение гос. пособия многодетным семьям.
При возникновении вопросов, работники центров обслуживания населения или центров занятости населения позвонят гражданину по видеозвонку через мессенджер Whatsapp. Подробная инструкция в инфографике. Берегите себя!
