Төтенше жағдай
Заманның дамуына қарай қаіп-қатер де көбейіп келеді. Аяқ асты болған жағдайда не істеу керек? Өзіне және өзгелерге қалай көмектесуге болады? Ол үшін төмендегі кеңестер қажет болады:
- Әуелі өз қауіпсіздігіңізге көз жеткізіңіз. Адамдар қайғылы жағдайда өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Мысалы, суға батып бара жатқан адам құтқарушыны өзімен бірге батырып әкетуі не қайғылы жағдайды естірткен адамға қарсы жұдырық ала жүгіруі мүмкін;
- Жапа шеккен адамға медициналық көмек керек жоқ па екен біліңіз. Қажет болса жедел-жәрдем шақырыңыз. Қираған ғимараттын немесе бөлмеде қамалып және т.б сол сияқты оқиғаларда көмектің келе жатқаның айтыңыз, өзін қалай ұстау керектігін үйретіңіз (күш-қуатын барынша үнемдеу, терең емес, жәй мұрын арқылы тыныс алу, өзін құтқаруға қандай да бір іс-әрекет жасауға талпынбау);
- Психологиялық жарақат алған адамның (жақыны қайтыс болғанда, зорлық-зомбылық, теракт кезінде және т.б) қасында қорықпаңыз, сабыр сақтаңыз. Мұндай жағдайда жапа шеккен адамның іс әрекеті қалыпты;
- Егер көмектесуге даяр болмасаңыз, қорықсаңыз, онда ол жағдайға араласпағаныңыз жөн. Адамдар жалғандықты бірден сезеді.
