Түсінік жұмыстары жүргізілді
Партия Төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Осы мақсатта Жаңажол ауылында үгіт-насихат кезеңі «Есіктен-есікке» акциясын жалғастыруда. Акция аясында аудандық мәслихат дептутаттығына кандидат Сымбат Мұратқызы мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
