Түсіндіру жұмыстары барлық салаларда жалғасуда
2019 жылдың 15 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Орал қалалық мешіттерінде жұма намазы алдында жамағатпен кездесті.
Департамент қызметкерлері жамағатқа қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде ақпараттандырды.
