Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түсіндірме жұмыстары одан әрі жалғасуда!

Түсіндірме жұмыстары одан әрі жалғасуда!

"Саламатты Ел" қоғамдық қоры Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен бірлесіп «Сыртқы жарнамаларды орналастырудағы ҚР тіл туралы заңының талаптарын түсіндіру» тақырыбында жарнама, баспахана ісімен айналысатын, сондай-ақ қызмет көрсететін кәсіп иелерін және тіл мамандарының қатысуымен онлайн семинар тренинг ұйымдастырды. Семинар Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Семинар барысында жарнаманы орналастырудағы ҚР тіл туралы заң талаптары туралы бөлім басшысы Ықыласқызы Айгул түсіндіріп өтті. Заңның 21 бабында көрнекі ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде жазылуы тиіс деп көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдегі ақпараттың орналасуы сол жақта немесе жоғарыда болса, орыс тіліндегі ақпарат оң жағында немесе төменде орналасуы қажет.

Кәсіпкерлер мазалайтын сұрақтарын қойып жауап алды. Көп жағдайда, бұл талаптарды кейбір кәсіпкерлер біле бермейді. Ірі жарнама агенттіктері мен баспаханалар бұл заң талаптарымен таныс, себебі оларға басқарма бұрында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырған. Семинардың мақсаты көзден таса қалып отырған шағын кәсіпорындарың өз ісінде заңды пайдалануын қамтамасыз етуге ат салысу болып табылады. Әлеуметтік тапсырысты орындау барысында одан әрі сауда, қоғамдық тамақтану орындарына, мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде медициналық саласында қызмет көрсететін нысандар, банк саласында қызмет көрсететін ұйымдардың көрнекі ақпараттарына мониторинг жұмыстар жүргізу аясында түсіндірме жұмыстар ұйымдастырылды және әдістемелік көмек көрсетілді. Әлеуметтік тапсырысты орындау барысында одан әрі сауда, қоғамдық тамақтану орындарына, мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде медициналық саласында қызмет көрсететін нысандар, банк саласында қызмет көрсететін ұйымдардың көрнекі ақпараттарына мониторинг жұмыстар жүргізу аясында түсіндірме жұмыстар ұйымдастырылды және әдістемелік көмек көрсетілді. Түсіндірме жұмыстары бойынша мекемелерге, сауда орталықтарына, банк нысандарына әдістемелік көмек ретінде жаднама, брошюралар таратылды.

Осы тақырып бойынша

Түсіндірме жұмыстары одан әрі жалғасуда! - Yvision.kz