Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түсін, шеше!

Мен емес жаман бала,

Ренжіме маған да, заман ға да!

Қарызынан Отанның құтылайын,

...Отан деген – маған да, саған да Ана!

Қи мені Отаныма, алаңдама.

Сен – менің жаратушым құндақтаған.

Мен сенің ұлыңмын деп кіл мақтанам.

Кешір, Ана!

Бір сенің еркең болмай,

Отаныма ұл болу – қымбат маған.

Сеніменен Отаным егіз деймін,

Сеннен – Отан, ал Отаннан – сені іздеймін.

Отаныма бер мені басы бүтін,

Нашар әйел тапқан ұл дегізбеймін!..

 

Мұқағали Мақатаев

(Мұқағали Мақатаев Фэйсбукта)

1
0
4686

Осы тақырып бойынша

Түсін, шеше! - Yvision.kz