Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Т.Рысқұлов ауданы "NUR OTAN" партиясы аудандық филиалында партияның сайлауалды штабының жиыны өтті.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы "NUR OTAN" партиясы аудандық филиалында партияның сайлауалды штабының жиыны өтті. Жиынды сайлауалды штаб басшысы Арыстанбеков Қанат Дәкенұлы ашып, жалпы штаб жұмысының мақсат міндетімен таныстырып, түсіндіріп берді. Ол өз сөзінде:

"Бүгін яғни, 11 желтоқсан күнінен бастап сайлау алдындағы үгіт - насихат жұмысы басталды. " NUR OTAN" партиясының ХХ съезінен кейін бірқатар міндеттер жоспарланып, елеулі жұмыстар атқарылды. Штабтар құрылып, өз жұмыстарына дайын. Партияның кандидаттары да науқанға өз дайындықтарын толығымен жасады. "NUR OTAN" партиясы бүгінгі таңда беделді партия екенін бəрімізге аян. Сондықтан өз сайлаушыларының дауысын иелену үшін сайлау алдында ашық əрі əділ жұмыс жүргізетіндеріне сенімдімін! "-деді.

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Т.Рысқұлов ауданы "NUR OTAN" партиясы аудандық филиалында партияның сайлауалды штабының жиыны өтті. - Yvision.kz