Yvision.kz
ru
News
News
News
5 922 жазбалар422 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0
04:17, 31 қазан 2020

Түркия мен Қазақстан. Тұран әскері қандай мақсатта құрылмақ?

Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабақта әскери текетірес басталған уақытта, Түркияның әскерінің айналасында даулы әңгімелер тарағаны мәлім. Ал еліміздің Туркиямен әскери келісмі 1993 жылы өз күшіне енген болатын. Бүгінде екі жақты келісімнің кей тұстары ескіріп қалды және ұлттық заңнамаға сәйкес келмейді. Осыған байланысты жаңа келісімді рәсімдеу туралы шешім қабылданды. Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездескен еді. Кездесу барысында әскери жауынгерлік жаттығулар жайы талқыланды. Кездесу нәтижесінде 2020 жылға қазақстандық тараптың өтініші бойынша «киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша оқыту үшін квоталар бөлінді.

- Тұран әскерін құру - бұл өте маңызды мақсат және қазіргі уақытта көптің күтуіндегі, белгілі бір идеалды көрініс болып табылады. Бұл - ұзақмерзімді перспективада осы үміттің күшейе түсетіндігінің көрсеткіші. Қазіргі уақытта Түркі кеңесі аясында жалпы әскери әлеуетті нығайтуға назар аудару керек және техникалық ынтымақтастық саласындағы нақты қадамдарға көшу керек, - дейді профессор, доктор Kürşad Zorlu.
Бірақ, Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл мәселе жөнінде ресми келіссөздер болмағанын мәлімдеді.

Сурет

0
381
0