ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

Халық қалаулысы азаматтарды оффлайн тәсілімен қабылдап, заң аясында кеңестер берді. Бірқатар мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.

Мәселен, Нуралиева Несібелі - бес баланың анасы жұмысқа орналасуға көмек сұрап келген болатын. Нәтижесінде халық қалаулысы жұмысқа орналасуға көмек көрсететіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік және заңгерлік көмек сұрап келген барлық азаматтарға консультативтік көмек көрсетілді.