Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түркістан–Мақтаарал: Экспромт кездесулер қарқынды жүргізілуде

2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға да «Nur Otan» партиясы үлкен дайындықпен кірісіп отыр. Қоғамдағы сан саладағы қолбайлау болған мәселелерді өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізіп, арнайы 7 басымдыққа бөлген. Ондағы қамтылған мәселелер алдағы 5 жылда толықтай жүзеге асатын болады. Міне, осындай бастамаларды жергілікті жерлерде тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева мен Ақмарал Телходжаева, Айгерім Қалыбекова мен Жомарт Датқаев Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінде экспромт кездесулер өткізді. Көшеде кездескен ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламалары жазылған кітапшалар мен үнпарақшалар таратты. 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытып, партияға қолдау білдіруге шақырды. Ақпарат көзі CITYNEWS.KZ сайтында:: https://citynews.kz/sailau2021/turkistan-maqtaaral-ekspromt-kezdesuler-qarqyndy-zhurgizilude/?fbclid=IwAR1yGINrZt8B4f59hv5f8lvz-OShjBb6GObEmv-NYrx6soszp1wshOBjB9c

0
0
119

Осы тақырып бойынша

Түркістан–Мақтаарал: Экспромт кездесулер қарқынды жүргізілуде - Yvision.kz