Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түркістан көпсалалы техникалық колледж ұжымымен онлайн(online) кездесу

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Б.Тойлыбаев, Ғ.Елшібаев, А.Амиралиев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Ермаханбетовна Түркістан көпсалалы техникалық колледж ұжымымен онлайн(online) кездесу өткізді. Партияның сайлауалды бағдарламасын ZOOM платформасы арқылы жүргізілді.

Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басым-бағыттарына тоқталған үміткерлер колледж оқытушыларына сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізді. Түркістан көпсалалы техникалық колледж ұжыммен ашық әңгіме алаңын құрып, партияның алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасымен таныстырды. Азаматтардың талап-тілектерін тыңдады. Еліміздің жетекші партиясына сенім білдірген оқытушыларды "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

2
0
115

Осы тақырып бойынша

Түркістан көпсалалы техникалық колледж ұжымымен онлайн(online) кездесу - Yvision.kz