Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәрбие — тал бесіктен

Жасотандықтар және қала жұртшылығы Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен онлайн форматта кездесу өткізді. ZOOM-конференциясына қатысушылар отбасы мен мемлекеттің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі туралы әңгімелесті.

Спикерлер жасөспірімдерге қамқорлық таныту – кез келген мемлекет үшін аса маңызды әрі өзекті мәселе екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесін алға қою қажет. Сондай-ақ, мәдени қоғамды қалыптастыру үшін тәрбиеге тал бесіктен көңіл аударған жөн.

- Салауатты, ақылды, мақсатына берік әрі зерделі ұрпақты тәрбиелеу — мемлекеттің және қоғамның жауапкершілігінде, — деді «Jas Otan» жастар қанатының белсендісі Ахмад Каимов. — Дәл осындай жастар еліміздің тірегі бола алады.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Тәрбие — тал бесіктен - Yvision.kz