Қ.Тұрар атындағы мәдениет үйінде кездесу өтті.
2020 жылдың 14 желтоқсан күні Қ.Тұрар атындағы мәдениет үйінде сенім білдірілген адамдардың, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабтың жетекшісі М.Қалелов кездесуді ашып, республика көлемінде штаб мүшелеріне алдағы жұмыстардың барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. «Nur Otan» партиясының атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстыруды, Н.Мұқанова мен Г.Қожахметова «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы мен таныстырды. Штаб жетекшісі М.Қалелов кездесуді қорытындылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңы концертке ұласты. Кездесу барлық санитарлық талаптар сақталып өткізілді.
