Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз

COVID-19-ға байланысты ахуал жұмыспен қамту саласындағы

белсенділік пен халықтың табысын біршама әлсіретіп, еңбек нарығына

түзету енгізді. Біліктілігі төмен және жұмыстары тұрақсыз даяшылар, жүк

тиеушілер, еден тазалаушылар, сатушылар, асүй қызметкерлер және

басқалар барынша зиян шекті.

Әр адам, өзін және өз отбасын лайықты өмір сүру деңгейін

қамтамасыз ете алуы үшін, «Nur Otan» партиясы тұрақты жұмыс

орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдайды.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

 Бұл – өндірістегі, сонымен қатар әлеуметтік саладағы (білім беру,

денсаулық сақтау) кадрлар тапшылығының проблемасын шешу үшін

кешенді шараларды іске асыруға;

 Еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрларды

қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға;

Басқа өңірлерден білікті кадрларды тартуға жәрдемдесетін

болады;

 Жұмысшылардың қысқаруын алдын алу үшін жыл сайын

аймақтық кәсіпорындармен Меморандумдарды жасасуға ықпал етеді.

Осы кешенді шаралар 5 жыл ішінде, инвестициялық жобалар мен

мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы, 70 мыңнан астам

жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

0
0
163

Осы тақырып бойынша

Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз - Yvision.kz