Тұрғындарымен мәдениет сарайында кездесті
Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер: Г.Алдабергенова, Ә.Катаев, Н.Амангельдиева, М.Турымбетов, Т.Тастанов, Н.Әжібаев Ленгер қаласының тұрғындарымен мәдениет сарайында кездесті. Аудандық мәдениет үйінде өткен шарада нұротандықтар сайлау науқанындағы барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне тоқталды. Мұндағы мақсат – ауыл халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.
Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды қаланың тұрғындарына түсіндірді.
«Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Тағыда тұрғындарды алаңдатқан сауалдарына жауап беріп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі
