Тұрғындармен кездесу
Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Какижанова Шолпан Бижанқызы Ақжайық ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездесiп, үгiт-насихат жүргiздi.
Жүздесуде тұрғындар Үлкен Еңбек елдi мекенiне медпункт қажеттiгiн, Ақжайық ауылы кɵшелерiнiң жолдарын жɵндеуден ɵткiзу керектiгiн айтты. Сонымен қатар, биыл Ақжайық ауылының кiреберiс жолының жɵндеуден ɵткенiне риза екендерiн де жасырмады.
Ақжайықтық жерлестерiнiң уəждерiне құлақ асқан Шолпан Бижанқызы кɵтерiлген мəселелер партияның сайлауалды бағдарламасында барын, алдаға уақытта жүзеге асатынын баяндады.
Кездесу аяқталған соң, Ш.Какижанова "Кандидат – қонақта" iс-шарасы барысында Ақжайық ауылының ақсақалы Сатқан Ахметжанов, зейнеткер ұстаздар: Тɵлеген Қуанышқалиев, Маруа Молдағалиеваның үйлерiнде болды. "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үлкендердiң ақ баталарын алды.

