Тұрғындармен есепті кездесу

А.ж. 28 тамызда Департаменттің бас маманы Е.Е. Жақслықов «СҚО әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, «СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ және «Петропавл қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелері бойынша тұрғындармен есепті кездесуге қатысты. Кездесу қатысушыларына а.ж. 1 жарты жылында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесі жөніндегі ақпарат жеткізілді.
БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына мемлекеттік органдар қызметшілері егжей-тегжейлі жауаптар қайтарылды.
Осындай іс-шаралар облыс тұрғындарын сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жағдайдары туралы жан-жақты ақпараттандыруға және қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндік беретінін атап өткеніміз жөн.
