Тұрғындармен ашық диалог өтті
Мәжіліс депутатына үміткер Казпхбаев Оспан Теңге ауылындағы, Тобанияз көшесінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.
Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.
Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты тұщымды жауаптар алды.
