Тұрғындармен ашық диалог өтті
Тұрғындармен ашық диалог өтті
Бүгін Мәжіліс депутатына үміткер Казпхбаев Оспан Теңге ауылындағы, Тобанияз көшесінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз еттім. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық. Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты тұщымды жауаптар алды.

