ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Тұрғындардың тұрмыстық газ тұтынудағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында ПБК отырысы

Тұрғындардың тұрмыстық газ тұтынудағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Төлеуов, комиссия мүшесі М.Амантаев және аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов «ГазТрансАймақ» АҚ аудандық бөлімшесінде мекеме басшылары И.Темиров, А.Көбешовтердің қатысуымен көшпелі отырыс өткізді. Отырыста тұрғындардың тарапынан көгілдір отынды тұтыну қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, сала маманымен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға газ жылыту пештерін пайдалануын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертпелер таратылды.