Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындарды алғашқы медициналық көмекпен барынша қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

Партиямыздың үгіт-насихат жұмыстарының басталғанына да он күн өтті. Осы мерзім аралығында Жамбыл облыстық филиалы, сайлауалды штабтың жұмысын жүйелеп, еріктілер құрамын жасақтап, мәжіліс және жергілікті маслихатқа үміткерлердің насихат жоспарларын түзіп, партия жақтастарымен бірлескен шараларды өткізуде. Басты мақсат - партияның сайлауалды бағдарламасын өңіріміздің әр тұрғынына жеткізу, түсіндіру, бірлесіп атқаруға шақыру. Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясы әрбір азаматқа медицина саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді жақтайды. COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен сынақ болды. Сондықтан орта мерзімді кезеңде негізгі басымдық денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталады. Жұмыс барысында коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады.Тұрғындарды алғашқы медициналық көмекпен барынша қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 📷 Шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін 38 дәрігерді оқытуға; 📷 4 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысына: 10 2021 жылы Тараз қаласында - 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансері; 📷 2023 жылы Тараз қаласында - облыстық көп салалы аурухана; 📷 Байзақ ауданында аудандық емхана және Қордай ауданында - емханасы бар орталық аудандық аурухана; 📷 2025 жылға қарай 1000 адамға шаққандағы жалпы жалпы өлімжітім коэффициенті 6,55 тен 6,0-ге төмендетуді; 📷 Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында мобильді бригадаларды 100% енгізе отырып, медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруға; 📷 685 бірлік медициналық жабдықтар, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесі үшін құрал-жабдықтар сатып алуға; 📷 Интернет арқылы халыққа қол жетімді дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың мәліметтер базасын құруға, сондай-ақ дәрі дәрмектердің бағасының өсуіне жол бермеуге; 📷 Жыл сайын кемінде 720 адамды қамти отырып, дәрілік заттардың, мамандандырылған балалар және емдік тамақ өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге; 📷 Медициналық тәжірибеге диагностиканың, емдеудің және вакцинациялаудың жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізуге; 📷 Жедел медициналық көмекті цифрландыруға; жасанды интеллект енгізуге, телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын көбейтуге; 📷 2021 жылы Массив Қарасу алқабында «Денсаулық аллеясының» құрылысын салуға және осы аллеяда пандемия кезінде қайтыс болған қызметкерлерге ескерткіш тақталарын орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде медициналық қызмет көрсету саласының сапасы жақсарады. Партиямыздың Ұлт саулығына арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бір кісідей атсалысайық! Бізді біріктіретін ортақ мақсат - әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. #дамудың_7_басым_бағыты #Nur_Otan_дауыс_бер

0
0
237

Осы тақырып бойынша