Тұрғындар өтініші басты назарда
Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты «Дорожник» саяжайы тұрғындары атынан «Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық филиалына жазбаша өтініш білдіріліп, саяжай төрайымы тарапынын жүргізіліп отырған жұмыстардың заңнамалық тұрғыдан дұрыстығын анықтауға көмек сұрады.
"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы қызметкерлер тарапынан арнайы барып зерделенді. Партия аудандық филиалына білдірілген өтініш оң шешімін тауып, өтініште көрсетілген мән-жайлар толық зерделеніп, көтерілген мәселердің заң талаптарына сәйкестігі айқындалды. Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша 12 ақпан күні саяжай тұрғындарымен арнайы кездесу өткізу барысында толық түсіндірілді. Өз кезегінде саяжай тұрғындары өздері көтерген мәселенің ескерусіз қалмай, тиісті нәтижеге қол жеткізгендері үшін партия аудандық филиалына алғыстарын білдірді.
