ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды.

«Nur Оtan» партиясы Жамбыл аудандық филиалында партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ибраимова Үміт Серікқызы мен партия Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының мазалап жүрген мәселелері мен сауалдарына жауап берді.

Қабылдауға аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманы мен Көлқайнар ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушысы қатысып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Атап айтар болсақ, қабылдауға келген азаматтар жалпы үй құжаттарын қалай заңдастыру жөнінде сұрақтар мен материалдық көмек сұрап қайырылды.

Аталған мәселелер бойынша алдағы уақытта партия тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, өтініштердің мейлінше оң шешім табуына ықпал етілетін болады.