Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындар мәселесі назарда

Тұрғындар мәселесі назарда.

“Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары,аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, құқық қорғау өкілдері,тұрғындарды толғандырған мәслелері бойынша кестеге сай қабылдайтыны туралы әлеуметтік желі мен аудандық газет арқылы жарияланған болатын. Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні сағат 15-00 де 17-00 ге дейін қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан прокуроры Ищанов Марат Сабыржанұлы онлайн форматта тұрғындарды қабылдады. Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп, тиісті шешімін табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан, партиямызға халық сенімі жыл сайын арта түсуде. Бүгінгі қоғамдық қабылдауда алимент өндіру,тұрғын үйіндегі көгілдір отын мәселелері туралы азаматтардың өтініштеріне сәйкес заң аясында түсіндіріліп,таныстырылды.#Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz #nurotanbqo

0
0
106

Осы тақырып бойынша

Тұрғындар мәселесі назарда - Yvision.kz