Тұрғын үйлердің қолжетімділігі бойынша рейд
Қостанай қаласында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы шеңберінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, "Nur Otan", мүдделі мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тұрғын үйлердің қолжетімділігі бойынша рейд өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін олардың жеке дербестігі мен тәуелсіздігі өте маңызды. Кез-келген адам сияқты, мүгедек кез-келген объектіге, оның ішінде мүгедектер арбасында болса да, тұрғын үйлерге еш қиындықсыз кіре алатынына сенуге құқылы.
Бұл үшін заңнамалық актілерде барлық қажетті нормалар қарастырылған, онда мүгедектігі бар адамдар үшін тұрғын үйлерге қол жеткізу міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек. Сонымен қатар, "Юбилейный" жаңа шағын ауданына жүргізілген рейд барысында жаңа көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділік талаптарына сай келмейтіндігі анықталды.
№47, 50 шағын ауданның үйлерінде кіреберісте пандустар болса да, ішінде тек бірінші қабатқа көтеру құрылғылары қарастырылған, оны мүмкіндігі шектеулі адам пайдалана алмады, өйткені бұл құрылғы кілтпен жабылған. № 21,22 үйлерде тіпті бірінші қабаттарға да қол жетімді болмады. № 7, 8 үйлерде көшедегі көтеру құрылғылары ГОСТ талаптарына мүлдем сәйкес келмеді.
Белгілі болғандай, іс жүзінде арбамен жүретін мүгедек өз бетінше тұрғын үйлерге кіре алмады.
Барлық мердігерлерге "Сыл" ЖШС, "Статус - Трэйд" ЖШС, "РСУ Сәулет 2008" ЖШС тұрғын үй құрылысы кезінде барлық кемшіліктерді қарастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Өз кезегінде Департаментпен жергілікті атқарушы органдардың атына орын алған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта жол бермеу бойынша шаралар қабылдау үшін хат жіберілетін болады.
-------------------------------------------------------
В г.Костанае проведен рейд по доступности жилых домов для людей с ограниченными возможностями, в рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» совместно с представителями Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области, «Nur Otan», заинтересованными государственными органами и общественником.
Для людей с ограниченными возможностями очень важна их личная самостоятельность и независимость. Как любой человек, инвалид вправе рассчитывать на то, что может попасть в любой объект, в том числе жилые дома без проблем, даже если он в инвалидном кресле.
Для этого в законодательных актах все необходимые нормы предусмотрены, где говориться, о том, что в обязательном порядке должен быть обеспечен доступ к жилым домам для лиц с инвалидностью. Между тем, в ходе проведенного рейда нового микрорайона «Юбилейный» установлено, что строительство новых многоэтажных жилых домов ведется не отвечающим требованиям доступности для людей с инвалидностью.
В домах №47, 50 микрорайона хоть к подъезду предусмотрены пандусы, но внутри только на первый этаж предусмотрены подъемные устройства, которым воспользоваться лицо с инвалидностью не смогло, так как данное устройство было закрыто под ключ. В домах № 21,22 вообще отсутствовал доступ даже на первые этажи. В домах № 7, 8 уличные подьемные устройства вообще не соответствовали требованиям ГОСТа.
Как оказалось, на деле инвалид-колясочник не смог самостоятельно попасть в жилые дома.
Всем подрядчикам ТОО «Сыл», ТОО «Статус- Трэйд», ТОО РСУ Саулет 2008» были даны рекомендации по обеспечению доступности при строительстве жилых домов.
В свою очередь Департаментом в адрес местных исполнительных органов направлено письмо для принятия мер по устранению имеющихся нарушений и недопущению впредь.


