Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндірілді

А.ж. 16 тамыз күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының ұжымымен кездесті.
Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды.

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.
Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
