Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аға кеңесшісінің қатысуымен тікелей эфир
«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының Фейзбук ресми парақшасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің аға кеңесшісі Азимбаева Қымбат Болатқызы қатысып, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.
Бүгінде тұрғындардың басты мәселелерінің бірі баспаналы болу. Осы орайда, мемлекет тарапынан "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында қолжетімді баспана алудың тиімді жолдары ұсынылуда.
Тікелей эфир аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілі мемлекеттік бағдарлама арқылы үйлі болудың жолдарын айтып өтті. Егер сіз жергілікті атқарушы орган, яғни қала әкімдігінде белгілі бір санат бойынша кезекте тұрсаңыз, атыңызда үйіңіз болмаса, онда арнайы жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіңіз бар. Соның ішінде 5-10-20 "Шаңырақ" бағдарламасына 11 санат бойынша кезекте тұрған кез- келген тұрғын қатыса алады. Сонымен қатар, банк маманының айтуынша келесі жыла да көптеген жаңашылдықтар болмақ. Толық ақпаратты банк бөлімшесінен және 17 ш/а, 50 ғимараттың 1- ші қабатында орналасқан кеңес орталығынан біле аласыздар.
