Тұрғын үй мәселесі талқыланды
Отырысқа ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сүлейменов Әсет Бауыржанұлы, ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Валл Инна Валерьевна, "Nur Otan" партиясының Өскемен қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Оразбайұлы және облыстық комиссия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Жиынға қатысушылар басқарма басшысына тұрғын үй мәселесіне байланысты бір қатар түйткілді мәселелердің бар екендігін және осы салаға қатысты тұрғындардан арыз шағымдардың көп түсетіндігін айтты. «Осы тұрғын үй салу мәселесіне қатысты түйткілді мәселелер өте көп. Баспанаға қол жеткізу мәселесін айтпағанда сол салынып қолданысқа берілген баспаналардың сапасыда көңіл көншітпейді. Тұрғындар тарапынан үнемі арыс шағымдар түседі. Сонымен қатар облыс орталығы Өскемен қаласымен Семей қаласында баспана салу мәселесі қарқынды дегенмен осы тұста бір есеререрлік жағдай аудандардағы тұрғын үй мәселесі. Себебі бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыстың бәсеңсігендігі байқалады»- деді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Әділбекұлы. «Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев «Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, алдағы бес жылда 100 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салуды тапсырды. Бұл шамамен 1 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен (нысаналы тұрғын үйді ескере отырып) барлығы 1 052 мың м2 тұрғын үй (10 936 пәтер) салу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы 647 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.» -деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Бауыржанұлы. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының сапалы іске асуы облыстық партиялық бақылау комиссиясының басты назарында.
