Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүесі мемлекеттің тікелей қатысуымен іске асырылуда. Олар зейнеткерлер, мүгедектер, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.Оның ішінде тұрғын үй көмекіне мұқтаж еліміздің әрбір азаматы ХҚКО-ы арқылы мемлекеттік қызметті тұтынуға мүмкіндік туды. Аталмыш мемлекеттік қызмет түрін ҚР Үкіметі бекіткен стандарқа сәйкес, көрсетілген санаттағы азаматтар ала алады. Ол үшін тұтынушылар төмендегідей құжаттарды өткізуі тиіс. Олар:1. Бекітілген нысанда өтініш;2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);3. Отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;4. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;5. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;6. Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;7. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Сонымен қатарғ аталмыш мемлекеттік қызмет түрін «Электронды үкімет» порталы арқыла алу мүмкіндігі бар. Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

   
0
0
369

Осы тақырып бойынша

Тұрғын үй көмегін тағайындау - Yvision.kz