Тұрғын өтініші назарға алынды
Маңғыстау ауылының тұрғыны О.Мұхтарқызының сауалы бойынша аудандық "Nur Otan" партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы өз отырысында қарап жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Нәтижесінде 13-14.12.2020ж. Маңғыстау ауылы Бесшоқы, 22 орам көпқабатты үйлер маңында жүрген иесіз иттерді тиісті мекеме аулады. Ауылдастарымыздың қауіпсіздігіне алаңдап, жанашырлық танытқан О.Мұхтарқызының белсенділігіне рақмет айтамыз.
