Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Төпелейді ойларым, маза бермей...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Paul Starkoshevsky “Седая ночь” Ласковый Май

Бейнематериал авторы – Аяз Тулаев “Ночной Алматы”

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Міне тағы келеді, жаңа іңір,

Тағы бітті бір күнім, бір күн өмір.

Төпелейді ойларым, маза бермей,

Жүдеп жатқан жанымды, бір түсінбей.

Алда тағы түнім бар, мұң сырласым,

Жазылмаған әндерім мен шабытым.

Дақ түседі көңіліме, уайымдаймын,

Осы түнде тағыда, ұйықтамаймын.

Ұқсаймын-ау мен жанға, артта қалған,

Әлде барма үмітім, ақталмаған?

Әлде кегім бар ма екен, біреулерде,

“Әлде, әлде” – көп сұрақтар, жоқ нүкте.

1
0
582

Осы тақырып бойынша